
Support 360 — Visa сервистері бойынша жүгіну және кеңес алу платформасы
Біз қалай жұмыс істейміз?
Біз қалай жұмыс істейміз?
Кіммен жұмыс істейміз?
Кіммен жұмыс істейміз?
Support 360 платформасына қандай сұрақтармен жүгінуге болады?
Support 360 платформасына қандай сұрақтармен жүгінуге болады?
Support 360 платформасына қалай жүгіну керек?
Support 360 платформасына қалай жүгіну керек?
Сұрақтар мен жауаптар:
Сұрақтар мен жауаптар:
Support 360 деген не?
Бұл - Visa төлем жүйесінің барлық акциясы мен ұсынысына қатысты кеңес беретін кәсіби мамандар командасы.
Support 360 платформасында қандай қызметтер қамтылған?
Жүріп жатқан акциялар мен ұсыныстар бойынша кеңес беру, пікірлерді қабылдау және өңдеу, сондай-ақ ресми сайтта жарияланған ақпаратты түсіндіру: https://www.visa.com.kz/kk_KZ
Support 360 платформасына қалай хабарласуға болады?
VisaConcierge чат-боты арқылы
Телефон арқылы: 8800555704 немесе +77273495062
*тарифтер қоңырау шалған оператордың тарифтеріне сәйкес есептеледі
Электронды пошта арқылы: [email protected]
Visa-ның қандай картасын ұстайтындар Support 360 платформасында жүгіне алады?
Visa төлем жүйесі шығарған карталардың иелері қызметті пайдалана алады.
Support 360 жұмыс кестесі қандай?
24/7 режимінде сіздермен байланыста.
Support 360 қанша тұрады?
Сервис тегін ұсынылады.
Support 360 платформасын қолдануда қандай шектеулер бар?
Visa қолдау қызметі төлем жүйесінің қызметтері мен акцияларына қатысты кез келген мәселе бойынша шексіз көмектесуге дайын.
Әуежай сервистерінің қолжетімділігін қалай тексеруге болады?
Әуежай сервистерінің қолжетімділігін VisaConcierge чат-боты арқылы тексеруге болады.
Ол үшін Visa Travel пернесін басыңыз, қажет қызметті таңдаңыз, содан соң «Қызметтің қолжетімділігі» пернесін басыңыз.*
* Оның алдында ботта тексерілуі тиіс картаны қосуды ұмытпаыз
Visa ұсынатын жүк орау қызмтін қалай табасын?
Әуежай терминалдарының әуежай қауіпсіздігі тексеруінен өтетін аумақтын алдында тұрған, авторизациядан өткен орындардан.
Қызметті қолдану үшін сізге жүкті орау тұғырында Visa премиум картаңызды көрсетіп, қызметті пайдаланғыңыз келетінін қызметкерге айтуыңыз керек. Ұсынылған соң, картада қалған тегін орау саны валидация терминалы арқылы тексеріледі.
Қызмет туралы толық ақпараты бар сайт:
visa.com.kz/kk_KZ/pay-with-visa/promotions/luggage-packingӘуежайларда Visa Airport Companion бағдарламасына кіретін лаунждарды қалай табуға болады?
Сіз тиісті әуежай немесе елді таңдап, қолжетімді лаунждарды Visa Airport Companion қосымшасының «Шолу» бөлімінен көре аласыз.
Басты экранда да лаунждардың тізіміне сілтеме бар.
Fast Track деген не? Ол қалай жұмыс істейді?
Fast Track авиация қауіпсіздігінен және құжаттарды жедел тексеру аумағынан тез өтуге көмектеседі.Қызметті пайдалану үшін, авиация қауіпсіздігі аумағына барып, Fast Track жазуын табыңыз. Visa премиум картасын турникеттегі валидаторға қойыңыз да, құжаттарды тез тексеру аумағына өтіңіз.
Қызмет туралы толық ақпараты бар сайт:
visa.com.kz/kk_KZ/pay-with-visa/promotions/fast_track_internationalVisa ұсынатын туристік сақтандыру қалай іске асады?
Егер сіз сапарға шығар алдында келесі әрекеттерді жасасаңыз, сақтаныруыңыз автоматты түрде іске қосылады:
- Бару/қайту билетіне Visa премиум картасымен төлесеңіз.
- Тұратын жеріңізді сапарға шықпай тұрып брондасаңыз және Visa премиум картасымен төлесеңіз.
- Билеттерге де, тұратын жеріңізге де сапарға шықпай тұрып Visa премиум картасымен төлесеңіз.
Сақтандыру сертификатын сапарға шықпай тұрып толтыруға кеңес береміз, өйткені кедендік бақылауда сертификат сұрауы мүмкін.*
* Сақтандыру сертификатын толтыруыңызға VisaConcierge чат-ботында көмектеседі
Ұзақтығы — бір саяхаттауға 90 күн, бірақ жылына 183 күннен аспайды. Егер сапарыңыз 90 күннен артық болса — ол мүлде сақтандырылмаған болып саналады.
Сақтандыру, тұрақты өмір сүретін еліңізден шыққанда басталып, қайта кіргенде аяқталады.
Қызмет туралы толық ақпараты бар сайт:
visa.com.kz/kk_KZ/pay-with-visa/promotions/travel-insuranceVisa жеңілдіктері мен ұсыныстарының тізімі бар ма?
Әрине! Сіз саяхатқа, азық-түлік пен ішімдікке төлеп, мейрамханалар мен дүкендерде есеп айырысып, спорт тауарларын сатып алып, ойын-сауыққа және басқа да қызметтерге төлеп, көптеген ұсынысқа қол жеткізе аласыз.
Қызмет туралы толық ақпараты бар сайт:
visa.com.kz/kk_KZ/pay-with-visa/promotions
