DragonPass және Visa-мен бірге жаңа бизнес-лаундждар
DragonPass және Visa-мен бірге жаңа бизнес-лаундждар
Visa премиум карта иелеріне ең жақсы цифрлы тәжірибе ұсынуды жалғастыруда, сондықтан біз маңызды өзгерістер туралы қуана хабарлаймыз:
2024 жылдың 1 қазанынан бастап Visa лаундж залдар жабдықтаушысын DRAGONPASS-қа ауыстырады.
Жабдықтаушы ауысқан соң, бұрынғы мүшеліктер ауыстырылмайды және жарамсыз болып саналады. Эмитенттер өз клиенттері не арналған маркетингтік науқандарды тек 2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастай алады.
2024 жылдың 1 қазанынан бастап әуежайдағы лаундж-залдарға кіретін пайдаланушы жолы цифрлы мүшелікке ауыстырылады. Клиенттерге Visa Airport Companion қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп алу немесе Visa Concierge чат-боты арқылы қол жеткізу ұсынылады.
Visa премиум карта иелері жаңа серіктес DragonPass-пен бүкіл әлемдегі әуежайларда ең жоғары деңгейдегі лаундж-залдарға қол жеткізуді жалғастырады.
DragonPass бағдарламасы арқылы бизнес-залдарға Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite және Visa Platinum Business премиум карталарымен тегін кіру!
DragonPass бағдарламасы арқылы бизнес-залдарға Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite және Visa Platinum Business премиум карталарымен тегін кіру!
Сіз дүние жүзіндегі 1200-ден астам бизнес-залға кіре аласыз:
- Visa Platinum және Visa Platinum Business карталарымен — жылына 2 рет
- Visa Signature Business карталарымен — жылына 6 рет
- Visa Signature — жылына 10 рет
- Visa Infinite картасымен — шексіз
Visa премиум карталарымен әрбір саяхат — ерекше сервис пен жайлылық!
Кіру талаптарына сәйкес келмейтін әрбір кіру, сондай-ақ барлық қонақтың кіру құны — 32 АҚШ долларын құрайды (сома сіздің карточкалық шотыңыздан алынады).
Толығырақ ақпарат банкіңіздің жедел желісінде.
**Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite және Visa Platinum Business, Visa Signature Business премиум карталарына арналған ұсыныс 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамды.
Ұсынысты қалай пайдалануға болады?
Ұсынысты қалай пайдалануға болады?
Пайдалану шарттары
Пайдалану шарттары
DragonPass бизнес-залдарына тегін кіру құқығын ай ішінде нақты ақшасыз келесідей операциялар жасайтын карта иелері алады:
- Visa Platinum картасында — 75 000 теңгеден жоғары,
- Visa Signature картасында — 150 000 теңгеден жоғары,
- Visa Infinite картасында — 300 000 теңгеден жоғары.
Жаңа ережелерге назар аударыңыз
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап басымдық қызметіне қол жеткізу үшін ең төменгі сатып алу көлеміне қатысты жаңартылған шарттар күшіне енеді.
35 күнде Visa карталарында келесі айналымды қамтамасыз ету қажет:
- Visa Platinum — 150 000 теңгеден бастап (бұрын 75 000 теңге талап етілетін);
- Visa Signature — Бұрынғы 150 000 теңгенің орнына 300 000 теңгеден бастап;
- Visa Infinite — ең кемі 550 000 теңге (бұрын — 300 000 теңге болған).
Басқа валютадағы балама сомаға рұқсат.
DragonPass бағдарламасы туралы сұрақ-жауап
DragonPass бағдарламасы туралы сұрақ-жауап
Бағдарламаға қатысатын карталар
2024 жылғы 1 қазаннан бастап сервисті келесі карталардың иелері пайдалана алады:
- Visa Platinum
- Visa Platinum Business
- Visa Signature
- Visa Signature Business
- Visa Infinite
Бағдарламаға қатысатын лаундждарды әуежайда қалай табуға болады?
Бағдарламаға қатысатын әуежайлардың тізімін AppStore немесе Play Market-тен жүктеп алуға болатын Visa Airport Companion қолданбасынан немесе Visa.Concierge чат-ботынан көруге болады.
Қосымшадағы «Шолу» бөлімінен қажетті әуежайды немесе елді таңдау арқылы, қолжетімді лаундждарды көре аласыз. Негізгі экранда да лаундждардің тізіміне сілтеме бар.
Мен лаунджға қонақ кіргізе аламын ба? Біз бірге саяхаттаумыз керек пе?
Иә, сіз лаунжға қонақтарды алып келе аласыз. Қонақтарыңыз сіздің рейсіңізбен ұшуы керек. Егер сізде тегін кіру мүмкіндігі болмаса*, әрбір кірген адам басына 32 АҚШ долларын қосымша төлем жасай аласыз. Төлем, тіркелген Visa картаңыздан тікелей алынады.
* қонақтар тегін кіретін қосымша мүмкіндік туралы ақпарат алу үшін серіктес банкіңізге хабарласыңыз.
Неге мені лаунджға кіргізбеді?
Егер лаундж толып кетсе, оған кіруге рұқсат берілмейді.Мен Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка (CEMEA) аймағынан тыс жерде шығарылған Visa картасымен тіркеле алам ба?
Карталардағы артықшылықтар әртүрлі болуы мүмкін. Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка (CEMEA) аймағынан тыс жерде шығарылған Visa карталарын пайдалану құқығын растау үшін эмитент банкке хабарласу қажет.Лаундждарға QR-кодпен кіру қандай артықшылықтар береді?
Сізге берілетін артықшылықтармен қосымшаның «Қатысу» бөліміндегі «Бұл қалай жұмыс істейді?» бөлімшесінде немесе басты бетте таныса аласыз. Әртүрлі өнім иелері үшін артықшылықтар әртүрлі болуы мүмкін екенін ескеріңіз, сондықтан нақты ақпаратты алудың ең дұрыс жолы - қосымшада немесе чат-ботта тексеру.LoungeKey/ Priority Pass бағдарламасындағы кіру мүмкіндігім ұзартылуы мүмкін бе? LoungeKey қосымшасын пайдалана аламын ба?
2024 жылдың 1 қазанынан бастап Priority Pass немесе LoungeKey мүшеліктеріңіз жарамайды. Dragon Pass лаундждарына кіру үшін Visa Airport Companion қосымшасында тіркелуіңіз қажет.Тіркелгеннен кейін, кіру мүмкіндігім туралы ақпаратты қалай көре аламын? Неше рет кіре алатынымды қалай білемін?
Кіру мүмкіндігі мен артықшылықтар туралы ақпарат экранның төменгі жағындағы мәзірдің «Қатысу» бөлімінде немесе «Басты бет» бөлімінде орналасқан. AppStore немесе Play Market-тен Visa Airport Companion қолданбасын алдын ала орнатып, барлық қажетті ақпаратты алуға болады.Лаундждарға қалай кіруге болады?
Цифрлы қолжеткізетін QR-кодыңызды лаундж қызметкерлеріне көрсетіңіз. Егер сізде тегін кіру құқығы болса, олар автоматты түрде есептен шығарылады. Егер тегін кіру мүмкіндігі болмаса, тіркелген Visa картасынан 32 АҚШ доллары алынады. QR-кодты қосымшаның басты экранындағы «Қатысу» түймесін басу арқылы немесе VisaConcierge чат-ботынан таба аласыз.Лаунджға кіру үшін физикалық картаны пайдалана аламын ба?
Visa Airport Companion — толықтай цифрлы қосымша. Сіз лаундждарға мобильді қосымшадағы немесе VisaConcierge чат-ботындағы QR-кодыңыз арқылы ғана кіре аласыз.Қосымшада тіркелу немесе кіру кезінде қиындықтар туындады.
Егер тіркелу кезінде қиындықтар туындаса, тіркелу бетінде «Көмек» бөліміндегі «Байланыс» сілтемесін пайдаланып, клиенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз. Егер қосымшаға кіру кезінде қиындықтар туындаса, «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба» формасын пайдаланыңыз. Егер бәрібір кіре алмасаңыз, жүйеге кіру бетінің «Көмек» бөліміндегі сілтеме арқылы қолдау қызметіне хабарласыңыз.DragonPass бизнес-залында бала үшін төлеу керек пе?
2-ден 4 жасқа дейінгі балалар көптеген бизнес-залға тегін кіре алады.DragonPass бизнес-залында қанша уақыт бола аламын?
Залда болу уақыты әр залдың ережелерінде белгіленеді. Әдетте — 3-4 сағаттан аспайды.Тегін кіру бағдарламасын қанша уақыт пайдалана аламын?
2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Одан кейін бағдарламаның шарттары өзгеруі немесе жойылуы мүмкін.Ай сайынғы операциялар көлеміне қойылатын талаптар премиум өнімдерге кіретін басқа қызметтерге (сақтандыру, консьерж қызметі) қолданыла ма?
Карталардың иелері премиум өнімдерге кіретін басқа қызметтерді шығын деңгейіне қарамастан пайдалана алады.Шығындар лимитін есептеу үшін қандай операциялар ескеріледі, ал қайсысы ескерілмейді?
Картамен, соның ішінде смартфон, смарт-сағат арқылы жасалған барлық операция ескеріледі.Google Pay немесе Apple Pay арқылы жасалған операциялар ескеріле ме?
Иә, ескеріледі.Ай қалай саналады?
Соңғы 5 күндегі операциялардан басқа, ағымдағы күнге дейінгі соңғы 35 күндегі барлық операция есептеледі.Сауда операцияларының саны ескеріле ме?
Жоқ. Тек сомасы саналады.Егер қаражат шотқа қайтарылса (мысалы, тауар қайтарылса) не болады?
Ағымдағы айдағы операциялар сомасы қайтарылған сомаға азаяды.Егер карта бірнеше күн бұрын шығарылған болса және қажетті соманы жұмсауға мүмкіндік болмаса, әуежайда DragonPass-ты пайдалануға бола ма?
Жоқ, DragonPass-тан пайдалану үшін барлық талап орындалуы қажет.Әуежайда DragonPass-ты тегін пайдалану кезеңі қалай анықталады?
Күнтізбелік жыл: 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.Тегін кіру мүмкіндігі келесі кезеңге (жылға) көшіріле ме?
Жоқ. Тегін қызметтер есептегіші әр жылы нөлден басталады.

