
Tap to Phone әдеттегі смартфонды терминалға айналдырады!
Tap to Phone әдеттегі смартфонды терминалға айналдырады!
Tap to Phone
Бұл қалай жұмыс істейді?
Бұл қалай жұмыс істейді?
| сатушы операция сомасын қолданбада көрсетеді |
| | сіз картаны немесе төлем жасауға арналған гаджетті сатушының смартфонына жақындатасыз |
| төлем жасалды |
| қажет болса, сатушы поштаңызға электрондық чекті немесе SMS-хабарламаны жібереді |
Tap to Phone көмегімен төлем қалай жасалады:
Tap to Phone көмегімен төлем қалай жасалады:
- Қауіпсіз — жанасусыз төлем жасағанда картаңыз немесе гаджетіңіз қолыңызда қалады. Tap to Phone технологиясымен төлем жасағанда транзакцияның қорғалу деңгейі, әдеттегі POS-терминал арқылы төлегендей, жоғары болады.
- Ыңғайлы — бұдан былай қолма-қол ақша іздеу, қайтарымды күту немесе чекке қол қою қажет емес.
- Жылдам — жанасусыз төлем бірнеше секундта жасалады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жиі қойылатын сұрақтар
Картаны/гаджетті сатушының смартфонына жақындату қауіпсіз бе? Осындай жанасусыз төлем кезінде менің деректерім қауіпсіз бола ма?
Смартфонды терминал ретінде пайдаланып жасалатын жанасусыз транзакциялар ірі желілік дүкендердегі әдеттегі POS-терминал арқылы жасалатын транзакциялар сияқты сенімді.
Төлемдерге арналған деректер картаңыздың деректерін шифрлайтын және әр транзакцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді төлем желісі арқылы беріледі. Сатушы картаңыздың деректерін ала алмайды.
Жанасусыз технологияны пайдаланғаным үшін комиссия ұстала ма?
Жоқ, сатып алушы ретіндегі сізге тауарға/қызметке төлем комиссиясыз жасалады.
Егер картам немесе жанасусыз технологиясы бар девайсым әмиянымда немесе қалтамда болса, олардың деректері кездейсоқ түрде алынып қалуы мүмкін бе?
Төлемді авторизациялау үшін картаны, смартфонды, сағатты немесе стикерді жанасусыз төлемдерді қабылдайтын есептеуіш құрылғысына 3-4 сантиметр қашықтықта жақындатқан жөн. Сондай-ақ картаны, смартфонды немесе сағатты транзакция жүргізу үшін дұрыс орналастыру қажет. Тек уәкілетті сауда нүктелерінің есептеуіш құрылғылары ғана Visa жанасусыз карталарының ақпаратын өңдей алады.
Егер жанасусыз транзакцияны орындау мүмкін болмаса, не істеу керек?
Ең алдымен: осы сауда нүктесінің Tap to Phone көмегімен Visa жанасусыз төлемдерін қабылдайтынына көз жеткізіп алыңыз. Осыны сауда нүктесінде орналастырылған
арнайы символ көрсетеді. Егер сіз смартфонды немесе сағатты жақындату арқылы төлем жасауға тырыссаңыз, бірақ операция сәтсіз шықса, төлем жасау үшін картаның өзін пайдаланып көріңіз.


