
Жанасусыз төлемдер артықшылықтары
Visa картасын смартфонға және смарт-сағатқа қалай қосуға болады?
Visa картасын смартфонға және смарт-сағатқа қалай қосуға болады?
Жиі қойылатын сұрақтар
Жиі қойылатын сұрақтар
Қай жерде жанаспай төлей аламын?
Санағыш құрылғыларда жанаспай төлеу символы бар кез келген сауда нүктесінде.
Жанаспай төлемді қолданғаным үшін комиссия алына ма?
Картаның иесінен комиссиялық алым алынбайды.
Жанаспай төлеген кезде деректерім қауіпсіз бола ма?
Жанаспай жасалатын транзакциялар магнитті таспалармен жасалатын транзакциялар сияқты сенімді және сол сенімді төлем желісі арқылы жасалады. Жанаспай төленетін операция барысында төлейтін құрылғыңызды өзіңіз қадағалайтындықтан, алаяқтық қатері азаяды.
Егер картам немесе гаджетім әмиянда немесе қалтамда болса, жанаспай төлеу технологиясымен төлене ме?
Төлем авторизациядан өтуі үшін, Сізге картаны, смартфонды, сағатты немесе стикерді жанаспай төлемді қабылдайтын санағыш құрылғыға 3-5 см жақындату керек және транзакция өтуі үшін оны дұрыс орналастыру керек (стикерден басқа). Тек уәкілетті сауда нүктелерінің санағыш құрылғылары Visa жанаспай төлеу карталарының ақпаратын өңдей алады.
Visa жанаспай төлеу картам немесе гаджетім жоғалса немесе ұрланса, ол қаншалықты қорғалған?
Visa жанаспай төлеу карталары әдепкі Visa карталары сияқты қорғалған. Картаңыз/гаджетіңіз жоғалған немесе ұрланған жағдайда, Халықаралық Visa клиенттерді қолдау орталығының өкілдері шотыңызды бұғаттап, картаны ауыстыра алады немесе қолма қол ақшаны жедел бере алады. +1-303-967-1096 (халықаралық қоңырау) нөмірін теріңіз немесе Сіз жүрген елде нөмірдің бар екенін тексеріңіз.
Жанаспай төлеу картасы – чипі бар карта ма?
Бұл чипі бар картаның бір түрі. Картада жетілдірілген компьютерлік чип қолданылады, ол жанаспай төлеу операцияларын жасау үшін, пластик картаға кіріктірілген.
Жанаспай төлеу мүмкін болмаса, не істеу керек?
Сауда нүктесі Visa-ның жанаспай төлемін қабылдайтынына көз жеткізіңіз. Төлем терминалында арнаулы таңба болуы тиіс. Егер сауда нүктесі Visa-ның жанаспай төлемін қабылдайтын болса, бірақ транзакция өтпей тұрса, Visa картасының иесі картаны терминалдан өткізу функциясын пайдалана алады, өйткені карта дәстүрлі төлемге қажет магнит таспамен жабдықталған.
Visa International Service Association, Фостер Сити, США





