Медициналық және заңгерлік қолдау
Visa Business карталарының иелері әрдайым қажетті көмекке қол жеткізе алатындығын біле отырып, бүкіл әлем бойынша қауіпсіз саяхаттай алады.
- Қандай да бір шектеусіз тегін медициналық консультация.
- Орналасқан жеріңізге жақын жердегі жергілікті медицина қызметкеріне немесе халықаралық білікті дәрігерге хабарласыңыз.
- Дәрі-дәрмектер мен жабдықтарды іздеу.
- Құжаттар жоғалған жағдайда саяхат бойынша консультация.
- Заңгерлік кеңес
Сіз Саяхатшыларға медициналық және ақпараттық көмек көрсету қызметімен келесі телефон нөмірі арқылы байланыса аласыз:
+44 (0) 208 762 8373
(оператор тарифтері бойынша әлемнің кез келген елінен қоңырау шалу).
Қажет болған жағдайда, карта иесіне және оның отбасына тұрақты тұратын елден 90 күнге дейінгі мерзімге шыққан кезде медициналық және ақпараттық көмек көрсетілетін болады.
Негізгі медициналық қызметтерге телефон арқылы медициналық консультация, жергілікті медициналық орталықтар туралы ақпарат беру және ауруханаға жатқызу кезінде және одан кейін науқастың жағдайын бақылау кіреді:
Телефон арқылы медициналық консультация
Карта иесі саяхат кезінде өзін нашар сезінсе, бірақ дәрігерге бара алмаса, Саяхатшыларға медициналық және ақпараттық көмек көрсету қызметі телефон арқылы медициналық консультация алуды ұйымдастырады.
Медициналық мекемелер туралы ақпарат
Қолдау қызметі карта иесі қай жерде болмасын, дәрігердің (соның ішінде тіс дәрігерінің), аурухананың немесе клиниканың мекенжайын ұсынады.
Ауруханаға жатқызу кезінде және одан кейін пациенттің жай-күйін мониторингтеу
Талап бойынша немесе қажет болған жағдайда, Саяхатшыларға медициналық және ақпараттық көмек көрсету қызметі ауруханаға жатқызу кезінде және одан кейін карта иесінің денсаулық жағдайын бақылайды.
Медициналық көмек көрсету қызметтерінің тізімі:
Қажетті дәрі-дәрмектерді немесе жабдықтарды жеткізу
Саяхатшыларға медициналық және ақпараттық көмек көрсету қызметі карта иесінің орналасқан елінде қазіргі уақытта болмаған кез келген дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықты жеткізуді ұйымдастырады.
Дәрігер қызметін ұсыну
Егер карта иесі кенеттен ауырып, өздігінен жүре алмаса және ол орналасқан жерде тиісті медицина персоналы болмаса, Саяхатшыларға медициналық және ақпараттық көмек көрсету қызметі карта иесінің орналасқан жері бойынша медицина маманының келуін ұйымдастырады.
Жедел медициналық эвакуация
Егер карта иесі ауырып қалса немесе оқиға қатысушысы болса және оған шұғыл медициналық көмек қажет болса, Саяхатшыларға медициналық және ақпараттық көмек көрсету қызметі тиісті жергілікті ауруханаға, карта иесінің тұрғылықты еліндегі ауруханаға немесе тиісті медициналық көмек қол жетімді басқа елге тасымалдауды ұйымдастырады.
Ауруханаға жатқызылған жағдайда депозиттің кепілді төлемі
Егер карта иесі ауруханаға баруы керек болса, бірақ карточка шотында қажетті Аурухана депозитін төлеуге қаражат болмаса, Саяхатшыларға медициналық және ақпараттық көмек көрсету қызметі қиын жағдайда медициналық көмекке кепілдік беру үшін медицина мекемесінің шотына 2500 АҚШ долларына дейін (немесе жергілікті валютадағы баламасы) салым салуға дайын.
Қабылдаушы ел туралы ақпарат беру
Вакцинациялау, виза алу, салық салу, кедендік ресімдеу, тауарлар мен өнімдерді тасымалдау қажеттілігі, қабылдаушы елдегі негізгі заңнамалық және құқықтық шектеулер және т. б. туралы ақпарат беру.
Қабылдаушы елдегі заңгерлердің байланыс деректерін ұсыну
Қабылдаушы елдің заңнамасымен дау туындаған жағдайда, Қызмет операторлары білікті және сенімді заңгерлер мен адвокаттардың байланыс деректерін ұсынады, сондай-ақ қажет болған жағдайда, олардың оқиға орнына келуін ұйымдастырады. Сондай-ақ, Қызмет операторларында салық салу, бухгалтерлік есеп және аудит, авторлық құқық, бизнес-консультациялар және т. б. сияқты басқа салалардағы мамандардың кең ауқымды байланыс деректері болады;
Қабылдаушы елдегі аудармашылардың байланыс деректерін ұсыну
Қызмет мамандары келген елдегі қажетті мамандығы мен біліктілігі бар және Visa Premium картасы иесінің мәселелерін шешуде барынша көмек көрсете алатын аудармашыларды ұсынады. Аудармашы қызметінінің ақысын Visa Premium картасының иесі ұсынылған шотқа сәйкес өзі төлейді.
